Келесі Дүниежүзі көшпенділер ойындары Қазақстан өтеді

Келесі Дүниежүзі көшпенділер ойындары Қазақстан өтеді
Басқа
V Дүниежүзі көшпенділер ойындары Қазақстанда өтпек. Бұл туралы ҚР мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев өзінің әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады. Возможно, это изображение 11 человек, люди стоят и в помещении "Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен Мәдениет және спорт министрлігі делегациясы IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысу үшін Түркияға арнайы барып, ақжолтай жаңалықпен оралып отыр.
Сапар барысындағы өзекті мәселелердің бірі – Қазақстанда V Ойындарды өткізу жөніндегі келіссөздер болатын.
Нәтижесінде, Түркияның Жастар және спорт министрі Мехмет Касапоглу кеше салтанатты түрде аталған ауқымды шараның эстафетасын елімізге табыс етті.
Яғни, ресми түрде Қазақстан – 2024 жылғы 5-ші Дүниежүзі көшпенділер ойындарын өткізуші мемлекет ретінде белгіленді.
Бұл – айтарлықтай қуаныш, әрі аса жауапты жұмыс.
Мыңжылдықтардың мұрасына ие, көшпелі дала салтын ұлықтаған ел ретінде бұл дүбірлі доданы жоғары деңгейде өткіземіз деп сенемін", - деп жазды министр.
Возможно, это изображение 2 человека, люди стоят и в помещении
Возможно, это изображение 1 человек и на открытом воздухе