Қазақстан U-17 қыздар құрамасы Еуро-2022/23 іріктеу ойындарына қатысады

Қазақстан U-17 қыздар құрамасы Еуро-2022/23 іріктеу ойындарына қатысады
Футбол
Қазақстан U-17 қыздар құрамасының Еуро-2022/23 іріктеу ойындарына қатысатын құрамы белгілі болды.
Біздің команда Литва және Румыниямен бірген «В» лигасының тобына түсті. Ойындар Румынияның Буфтя қаласында өтеді. Алты топтан құралған «B» лигасының командалары «А» тобының жолдамасына таласады. Топтың жеңімпаздары мен екінші орын алған ұздік үш команда жоғары дивизионға өтеді. «А» лигасының ойындары 2023 жылдың көктеміне жоспарланған. Жеребе тарту рәсімі 7 желтоқсанда өтеді. Қазақстан WU-17 қыздар құрамасының ойын кестесі: 08.10.2022. Литва WU-17 – Қазақстан WU-17 – 21:00 11.10.2022. Қазақстан WU-17 – Румыния WU-17 – 21:00 Қазақстан қыздар құрамасының WU-17 құрамы: Қақпашылар: Әсел Әнуарбек (БЖМОРСМ №17), Алина Комарова («Шахтер»); Қорғаушылар: Әсел Орынбай («БИІК-Шымкент»), Александра Набокова («Шахтер»), Гүлизат Рысбек (БЖМОРСМ №17), Аружан Саржанова (Қ.Мұңайтпрасов атындағы ОРРММИК), Назым Алданазар («Қайрат»), Анель Бланк («Жетісу»), Аделия Бекқожина («Астана»); Жартылай қорғаушылар: Анастасия Перейма («Астана»), Жанеля Ержанова, Эльнура Катран, Элина Ырысметова (барлығы – «Томирис-Тұран»), Диана Нақыпбек («Шахтер»), Аяжан Қожабекова («Ақсу»), Эльмира Абдулаева, Томирис Рахатжан (екеуі де – «Қайрат»), Полина Тучина, Виктория Цыганова, Дарья Толкачева, Вероника Пересунько (барлығы – «Ақжайық»), Валерия Попова (БЖМОРСМ №17); Шабуылшылар: Анель Мұхаметжанова («Ақсу»), Анель Мақсат («Қайрат»); Жаттықтырушылар штабы: Александра Рудикова – аға бапкер, Петр Пак – аға бапкердің көмекшісі, Александр Борисов – қақпашылардың бапкері.