Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасында жанжал туды

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасында жанжал туды
Бокс
Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы, жасөспірімдер Олимпиадасының қола жүлдегері Надежда Рябец өзінің Instagram парақшасында бокстан Қазақстан құрамасындағы жағдай туралы мәлімдеме жасады. "Әділдікті талап етемін. Мен еліміздің намысын бірнеше рет қорғаған спортшы, Әлем, Азия чемпионымын, жасөспірімдер Олимпиадасының қола жүлдегері, Токиодағы Олимпиада ойындарының жалғыз қатысушысы ретінде сіздермен бокстан Қазақстан Республикасының әйелдер құрамасындағы әділетсіздікпен бөліскім келеді. Біздің құрамада спорттық принциптер жоқ. Жақында Иорданиядағы әйелдер арасындағы бокстан Азия чемпионаты басталады. Құрам әлі жасақталмады. Бүкіл Құрама бас бапкердің ниеті мен қалауы туралы хабардар. Алдағы жиындарда үздіктерді анықтайтын спаррингтер өткізілмеген. Чемпионатқа қатыстырылып жатқан кейбір спортшылар жиындарға мүлдем қатыспайды. Бейнежазбада менің 66 келі салмақта Азия чемпионатында өнер көрсететін Мадина Нұршаевамен жұдырықтасуым. Оның дұрыс дайындығы болмаса, жарысқа неге аттанады деп ойлайсыздар? Жауап айқын: ол - бас бапкердің шәкірті. Бас жаттықтырушының жеке амбициясы ұлттық мүдделерден жоғары. Мен үндемей отыра алмаймын. Бұл бейберекетсіздік ерте ме, кеш пе тоқтау керек. Ұлттық құрамада тәртіп орнататын адам болады деп сенемін. Күш шындықта!",- деп жазды спортшы.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Надежда Рябец (@nadryabets)

Бұл бокстан Қазақстан әйелдер құрамасындағы алғашқы дау емес. Бұған дейін елге танымал жаттықтырушы Сағатбек Мұсаханов та әділетсіздікке тап болғанын хабарлаған болатын. Оның сөзінше, қазан айының соңында Иорданияда өтетін Азия чемпионатына оның шәкірті Балауса Муздиман (54 келі) баруы тиіс еді. Спорттық қағидат бойынша құрлықтық біріншілікке ел чемпионатында екінші орын алған аттануы тиіс. Алайда бас бапкердің шешімімен Муздиманның орнына 52 келіге дейінгі салмақта әлем чемпионатының қол жүлдегері, өзінің шәкірті Жайна Шекербекованы жібермек. Осылайша Балауса Азия чемпионатынан тыс қалады.