Жерар Гоу Премьер-Лигадағы 85-ші голын соқты

Жерар Гоу Премьер-Лигадағы 85-ші голын соқты
Футбол
33 жастағы "Ақтөбенің" ивуарлық шабуылшысы Жерар Гоу Қазақстан Премьер-Лигасында 85-ші голын соқты. 21-ші турда "Ақжайық" қақпасына соғылған доп Жерар Гоу үшін Қазақстан Премьер-Лигасында 85-ші болды. Жерар Гоу "Қайратқа" 2014 жылдың жазында келді. Алматы клубының сапында 101 матч өткізіп, 80 гол соқты. "Ақтөбеде" бүгінгі таңда 16 матч өткізіп, 5 голмен көзге түсті. Қазақстан Премьер-лигасында барлығы 117 матч өткізіп, 85 гол соқты. Қазақстан чемпионаттарының үздік бомбардирлерінің тізімінде Жерар Гоу 13-ші орынға көтерілді.