АҚШ әлем чемпионатында жеңімпаз атанды

АҚШ әлем чемпионатында жеңімпаз атанды
Баскетбол
Аустралияның ең ірі қаласы Сиднейде әйелдер арасындағы баскетболдан әлем чемпионаты өтті.  Финалда АҚШ пен Қытай құрамалары кездесі, америкалықтар 83:61 (18:13, 25:20, 25:14, 15:14) есебімен жеңді.

Финалдық матчта АҚШ құрамасы сапынан Эйжа Уилсон 19 ұпай жинап, ең үздік көрсеткішке ие болды. Сондай-ақ қытайлық Ли Юэру да финалда дәл сондай нәтижемен (19 ұпай) өз командасының үздігі атанды.

АҚШ құрамасы баскетболдан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында осымен қатарынан 4-рет, ал жалпы 11 мәрте жеңіс тұғырынан көрініп отыр. Қытай баскетболшылары өз тарихында екінші рет финалда жеңіліп, күміс жүлдені қанағат тұтуға мәжбүр болды. Қола жүлде үшін өткен бәсекеде жарыс қожайындары Аустралия Канаданы 95:65 есебімен жеңді.