Головкин мен "Канело" трилогиядан кейін допинг тестінің нәтижелерін білді

Головкин мен
Бокс
Қазақстандық Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО) және мексикалық Саул "Канело" Альварес (58-2-2, 39 КО) үшінші жекпе-жектен кейін допинг-тест нәтижелерін білді. Соңғы жекпе-жек қарсаңында GGG мен Канело WBC-дің "Таза бокс" бағдарламасы аясында VADA тестілеуін тапсырды. Допингке қарсы қауымдастық бұл туралы Twitter парақшасында нәтижесімен бөлісті: "Канело" Альварес пен Геннадий Головкинді VADA сынағынан сәтті өтуімен құттықтайды", - делінген хабарламада.