Қазақ жастары тоғызқұмалақтан Әлем кубогін иеленді

Қазақ жастары тоғызқұмалақтан Әлем кубогін иеленді
Басқа
Румынияның Констанца қаласында тоғызқұмалақтан Әлем кубогі өткізілді.
Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ Федерациясының қолдауымен бұл жарысты Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы мен Татар Демократиялық қоғамы ұйымдастырды. Әлем кубогіне 9 мемлекеттен 50ге жуық спортшы қатысты. Атап айтқанда, Қазақстан, Қырғызстан, Болгария, Пакистан, Румыния, Түркия, Чехия, Украина және Эфиопия спортшылары.
Жарыс швейцар жүйесімен бойынша ұлдар және қыздар арасында рапид және шапшаң ойнау түрі бойынша бөлек өткізілді.
Нәтижесінде Қазақстан жастар құрамасы 4 алтын, 4 күміс және 4 қола медаль еншіледі. Чехия спортшылары 2 қола, Румыния мен Эфиопия спортшылары 1 қоладан жеңіп алды. Қазақстан спортшыларының ішінде Қалыбек Дастан (Шымкент қаласы) - 2 алтын, Исахан Аяна ( Абай облысы) және Салман Аружан ( Түркістан облысы) 1 алтын медал олжалады.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер:
1. Блиц, қыздар
1.Исахан Аяна, Қазақстан
2.Қуатова Аружан, Қазақстан
3. Петирова Ива, Чехия
3. Котинова Хана, Чехия
2. Блиц, ерлер
1. Қалыбек Дастан, Қазақстан
2. Ауталипов Ерасыл, Қазақстан
3. Калеб Менгеша, Эфиопия
3.Кырк Флорин
3. Рапид, қыздар
1.Салман Аружан, Қазақстан
2.Намаз Ақбота, Қазақстан
3. Исахан Аяна, Қазақстан
3. Турсынали Ақерке, Қазақстан
4. Рапид, ерлер
1. Қалыбек Дастан, Қазақстан
2. Ауталипов Ерасыл, Қазақстан
3. Дакен Елдар, Қазақстан
3. Ахметов Дамир, Қазақстан.