Бублик Франциядағы турнирдің финалында жеңіліп қалды

Бублик Франциядағы турнирдің финалында жеңіліп қалды
Теннис
Қазақстанның бірінші, әлемнің 44-ракеткасы Александр Бублик Метц (Франция) ATP 250 турнирінің финалында жеңіліп қалды. Қазақстандық теннисші соңғы бәсекеде әлемнің 65-ракеткасы, италиялық Лоренцо Сонегомен шеберлік байқасты. Бірінші партияда тай-брейкте Л.Сонего сәтті ойнады - 7:6 (7:3). Екінші сетте италиялық спортшы айқын басымдылық көрсетті - 6:2. Сағат жарымға жуық уақытқа созылған матчта А.Бублик 7 жас жасағанымен, 3 брейк-пойнтын пайдалана алмады. Қарсыласы 6 эйспен бірге 2 брейкке қол жеткізді. Бұл А.Бубликтің ATP жарыстарындағы алтыншы финалы еді. Ол тек биыл жыл басында Монпелье додасында ғана топ жарған еді.