Головкин төрт айдың ішінде Эрисленди Ларамен жекпе-жекке шығуға тиіс - WBA

Головкин төрт айдың ішінде Эрисленди Ларамен жекпе-жекке шығуға тиіс - WBA
Бокс
WBA нұсқасы бойынша орта салмақтағы уақытша әлем чемпионы Эрисленди Лара (29-3-2,17КО) WBA Super, IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинның (42-2-1, 37 КО) міндетті қарсыласы атанды. Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA) Головкин-Альварес трилогиясына рұқсат беріп, қазақстандық жеңген жағдайда оған 5 күн ішінде супер орта салмақта қалу-қалмау жөнінде шешім қабылдауға уақыт беруге келіскен. Сондай-ақ, егер Головкин орта салмаққа қайта ораламын десе, триология нәтижесіне қарамастан 120 күн ішінде Ларамен жұдырықтасуға міндеттелген. Дереккөз: inform.kz