Күрестен әлем чемпионаты: Ибрагим Магомадов қола жүлдеге таласады

Күрестен әлем чемпионаты: Ибрагим Магомадов қола жүлдеге таласады
Күрес
Күрес түрлерінен Белшрадта өтіп жатқан әлем чемпионатында тағы бір қазақстандық балуан қола медальға таласады, деп хабарлайды Bassport.kz.  Грек-рим күресінен 72 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Магомадов әзірбайжандық Улви Ганизадеден 2:4 есебімен ұтылған болатын. Өз кезегінде Ганизаде финалға шығып, Ибрагим Магомадов жұбаныш белдесуіне мүмкіндік алды. Жұбаныш белдесуінде қазақстандық балуан болгариялық Дэвид Димитровты 4:0 есебімен ұтты. Қола медаль үшін күрестен Ибрагим түркиялық Сельчук Канмен кездеседі. Сондай-ақ, грек-рим күресіне 55 келіде бақ сынайтын Аманғали Бекболатов та қолаға таласады. Оның қарсыласы - өзбекстандық Жасурбек Артықбаев.