Бенуа Бадиашиле мансабын Италия А Сериясында жалғастырады

Бенуа Бадиашиле мансабын Италия А Сериясында жалғастырады
Футбол

cultofcalcio.com_

Неапольдік «Наполи» клубы лондондық «Челсидің» орталық қорғаушысы Бенуа Бадиашилені өз қатарына қосқанын ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Bassport.kz.

Италиялық ұжым 25 жастағы француз футболшысын кейіннен толық сатып алу мүмкіндігімен бір маусымға жалға алды. Қос клуб арасындағы келісімге сәйкес, маусым соңында «Наполи» қорғаушының трансферін 27 миллион еуроға біржола сатып ала алады. Осылайша, Бадиашиле жаңа маусымды Италия А Сериясында өткізетін болады.