Еркін күрес: Бекасыл Асамбек әлем чемпионатының финалына шықты
Жекпе-жек
ҰОК
Словакияның Братислава қаласында күрес түрлерінен U20 әлем чемпионаты жалғасып жатыр, деп хабарлайды Bassport.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Еркін күрестен Бекасыл Асамбек 61 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында жапониялық Ицуки Енасироны жеңді. Осылайша ақтық сынға өтті. Асамбек алтын жүлде үшін өтетін айқаста АҚШ өкілі Аарон Джеймс Сейделмен кездеседі.
Айта кетейік, финал бүгін, 21 тамызда өтеді.