Елеусінов келесі жекпе-жегін АҚШ-та өткізеді

Елеусінов келесі жекпе-жегін АҚШ-та өткізеді
Бокс
Жартылай орта салмақтағы қазақстандық боксшы Дәурен Елеусінов келесі жекпе-жегін Нью-Йоркте өткізеді.  Даурен жеңілмеген американдық Джуниор Янанмен жұдырықтасады. Жекпе-жек 30 шілдеде Barclays Center аренасында өтеді деп күтілуде. Естеріңізге сала кетейік, соңғы жекпе-жекті Дәурен Елеусінов 2021 жылдың желтоқсан айында Нұр-сұлтан қаласында өткізіп, әзербайжандық Әли Маммадовты нокаутқа жіберген болатын.