Ауыр атлетика: Снежана Кашкарова жасөспірімдер арасында Азия чемпионы атанды
Басқа
ҰОК
Қазақстан құрамасы ауыр атлетикадан Ташкентте (Өзбектан) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында тағы екі медаль еншіледі, деп хабарлайды Bassport.kz ҰОК-ге сілтеме жасап.
Снежана Кашкарова қыздар арасында 57 келіге дейінгі салмақта қоссайыс қорытындысы бойынша 200 (88+112) келіні еңсерді. Осылайша алтын медаль жеңіп алды. Сондай-ақ дәл осы салмақта Нұрсила Берікбол 176 (77+107) келіні көтеріп, қола медальға ие болды.
Айта кетейік, бұған дейін Бейбарыс Ерсейіт (65 келіге дейін) алтын жүлдені иеленген еді.