Жібек Құламбаева Испаниядағы турнирде топ жарды

Жібек Құламбаева Испаниядағы турнирде топ жарды
Теннис

ҚТФ

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Испанияның Маспаломас қаласында өткен W100 санатындағы турнирдің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Bassport.kz olympic.kz-ке сілтеме жасап. 

Отандасымыз жұптық сында Чехия өкілі Анна Шишковамен бірге өнер көрсетіп, чемпиондық атаққа қол жеткізді. Олар жарыстың екінші нөмірлі жұбы ретінде тіркелген болатын.

Финалда Жібек Құламбаева мен Анна Шишкова Чехия өкілі Доминика Салкова мен Швеция спортшысы Лиза Заарға қарсы ойнады.

Шешуші кездесу екі сетке созылды. Нәтижесінде Жібек Құламбаева мен Анна Шишкова 6:3, 7:6 (7:3) есебімен жеңіске жетті.