Данияр Елеусінов АҚШ-та өткен жекпе-жегін нокаутпен аяқтады

Бокс
NUR.KZ
Қазақстандық боксшы, Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов (13-0, 8 КО) АҚШ астанасы Вашингтонда өткен кәсіпқой бокс кешінде филиппиндік Джеймс Бэконмен (26-6, 17 КО) жұдырықтасты, деп хабарлайды Bassport.kz.
Жекпе-жек жартылай орта салмақта жоспарланған сегіз раундқа есептелгенімен, екінші раундта-ақ техникалық нокаутпен аяқталды. Елеусінов қарсыласынан айқын басым болып, өзінің 13-ші жеңісіне қол жеткізді.
Айта кетейік, бұл – Даниярдың АҚШ-тағы соңғы бес жылдағы алғашқы жекпе-жегі. Бұған дейін ол 2020 жылдың қарашасында америкалық рингке шығып, намибиялық Джулиус Индонгоны (24-10, 13 КО) нокаутпен жеңген болатын.