Александр Усик – ХХІ ғасырдағы аса ауыр салмақтағы жалғыз абсолют чемпион

iSport.ua
Украиналық боксшы Александр Усик ХХІ ғасырда аса ауыр салмақта абсолютті әлем чемпионы атағын сақтап қалған жалғыз спортшы атанды. Бұл жетістікке ол британдық Даниэль Дюбуаға қарсы реванш жекпе-жегінде қол жеткізді, деп хабарлайды Bassport.kz Championat.com-ға сілтеме жасап.
38 жастағы Усик Лондонда орналасқан әйгілі «Уэмбли» стадионында өткен кездесуде қарсыласын бесінші раундта нокаутпен жеңді.
Еске салсақ, Усик бұл салмақта абсолют чемпион атағын алғаш рет Тайсон Фьюриге қарсы өткен 12 раундтық тартысты жекпе-жекте жеңіске жетіп иеленген болатын. Ол кезде төрешілердің шешімімен украин боксшысы жеңімпаз деп танылды.
Усик пен Дюбуа арасындағы алғашқы жекпе-жек 2023 жылдың 26 тамызында Вроцлав қаласында өтіп, украиналық спортшы тоғызыншы раундта нокаутпен жеңіске жеткен еді.