Александр Усикке Ресейден жағымсыз жаңалық келді

Александр Усикке Ресейден жағымсыз жаңалық келді
Бокс

Sportbox

Украиналық боксшы, ауыр салмақтағы абсолютті әлем чемпионы Александр Усик пен британдық Даниэль Дюбуа арасындағы реванш жекпе-жегіне қатысты ресейлік атақты бапкер Виталий Сланов өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Bassport.kz Championat.com-ға сілтеме жасап.

— Бұл өте тартысты әрі жоғары деңгейдегі жекпе-жек болатыны анық. Дюбуа осы уақыт ішінде көп тәжірибе жинады. Ал Усиктің шеберлігі шарықтау шегіне жеткендей. Ол өткен жекпе-жектегіден жақсырақ болуы екіталай. Есесіне, Даниэльдің мотивациясы жоғары. Ол Джошуамен кездесуден кейін өз-өзіне сенімді бола түсті. Оның жеңіске жету мүмкіндігі бар. Дегенмен фаворит — Усик. Бірақ бұл жолы айырмашылық үлкен емес — 55/45. Дюбуа қарқын, сенімділік және шеберлік жағынан айтарлықтай өсті. Бұл жолы Усикке оңай соқпайды, — деді Сланов.

Айта кетейік, бұл жекпе-жек 19 шілдеден 20 шілдеге қараған түні Лондонда, әйгілі «Уэмбли» стадионында өтеді. Бұған дейінгі кездесуде, 2023 жылғы 27 тамызда Вроцлавта (Польша), Усик Дюбуаны тоғызыншы раундта нокаутпен жеңген болатын.