«Реал» Тибо Куртуаға жаңа келісімшарт ұсынды

«Реал» Тибо Куртуаға жаңа келісімшарт ұсынды
Футбол

РБК Спорт

Мадридтің «Реал» клубы бельгиялық қақпашы Тибо Куртуаның болашағына қатысты шешім қабылдады, деп хабарлайды Bassport.kz Liveresult.ru-ға сілтеме жасап.

Испаниялық басылым Marca таратқан ақпаратқа сәйкес, 33 жастағы қақпашы «корольдік клубпен» жаңа келісімшартқа қол қойды. Жаңа келісім 2027 жылдың жазына дейін күшінде болады. Бұған дейінгі келісім 2026 жылы аяқталуы тиіс еді.

Қазіргі таңда Бельгия құрамасының негізгі қақпашысының трансферлік құны 20 миллион еуроға бағалануда. Тибо Куртуа «Реалға» 2018 жылы ауысып келген. Оған дейін «Генк», «Атлетико Мадрид» және «Челси» командаларында өнер көрсетті.

Өткен маусымда Куртуа Испания чемпионатында 30 ойын өткізіп, 11 матчта қақпасына гол жіберген жоқ.