«Аль-Наср» басшылығына Криштиану Роналдудың бұрынғы әріптесі тағайындалды

«Аль-Наср» басшылығына Криштиану Роналдудың бұрынғы әріптесі тағайындалды
Футбол

idman.Biz

«Аль-Наср» капитаны Криштиану Роналду клубтың жаңа басшылығына қатысты пікір білдірді, деп жазады Bassport.kz Championat.com-ға сілтеме жасап.

Сауд Арабиялық клубтың бас директордың міндетін атқарушы қызметіне Роналдудың бұрынғы командаласы Жозе Семеду тағайындалды. Олар Португалияның «Спортинг Б» командасында бірге өнер көрсеткен.

— Сен үшін мақтанамын! Бар күшімізді салайық! — деп жазды Роналду әлеуметтік желідегі парақшасында.

Бұған дейінгі деректерде Семеду Роналдудың жақын досы екені айтылған. Бұл тағайындау португалдық шабуылшының клубтағы ықпалының артып келе жатқанын білдіреді.

Өткен маусымда Роналду барлық турнирлерде 41 матч өткізіп, 35 гол соғып, 4 нәтижелі пас берді. Қазіргі келісімшарты 2027 жылдың жазына дейін күшінде. Transfermarkt порталы мәліметінше, ойыншының нарықтық құны – 12 миллион еуро.