Дмитрий Огай: «Қазақстанға ішкі футболды дамыту қажет»

Футбол
ФК “Кайрат”
Танымал қазақстандық маман Дмитрий Огай еліміздің УЕФА-дан АФК-ға қайта оралу мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Bassport.kz BorodAbata.kz-ке сілтеме жасап.
Маманның айтуынша, басты назар ішкі футбол инфрақұрылымын дамытуға бағытталуы тиіс.
— Бұл мәселеге қатысты нақты шешімге келген жоқпын. Ең алдымен, еліміздегі футбол инфрақұрылымын жақсартуымыз қажет. Қазақстанда алаңдар мен академиялар сапасын арттырып, балалар мен жасөспірімдер футболын дамыту маңызды. Осы бағыттағы жұмыс әлдеқайда пайдалы болар еді. Еуропа мен Азия арасында ауыса беру бізге пайда әкелмейді, — деді Огай.
Айта кетейік, Қазақстан 2002 жылы УЕФА құрамына қабылданған. Соңғы жылдары АФК-ға қайта оралу мүмкіндігі жиі талқыланып жүр.