Асу Алмабаевқа UFC-дегі алғашқы жеңілісінен кейін жақсы жаңалық жетті

Жекпе-жек
Чемпионат
Қазақстандық комментатор әрі ММА сарапшысы Исатай Мәди Асу Алмабаевтың (21-3) Манель Капемен (21-7) өткен жекпе-жегін бағалады, деп хабарлайды Bassport.kz Meta-ratings.kz сілтеме жасап.
— Бұл жеңіліс үш жеңістен артық. Енді Асу өзін жаңа қырынан көреді. Жеңісті серия жалғасып жатқанда, айналаңдағы адамдар «Сен мықтысың», «Сенің күресің керемет» деген сөздерді айта береді, ал сен оған сене бастайсың. Бірақ содан кейін «Бах!» — Капені клинчке алғың келеді, бірақ ол сені балаша итеріп жібереді, — деді Мәди PROMMA подкастында.
Еске сала кетейік, Асу Алмабаев UFC Vegas 103 турнирінде Манель Капеден жеңіліп қалды. Үшінші раундта қазақстандық спортшы ауыр соққылар сериясын жіберіп алған соң, төреші жекпе-жекті тоқтатты. Бұл жеңілістен кейін ол UFC рейтингінде 8-орыннан 9-орынға төмендеді.