Өзбекстандық файтер UFC рейтингінің үздіктер қатарына енді

Жекпе-жек
Mma Junkie
Өзбекстандық файтер Рамазонбек Теміров (19-3) UFC-дегі екі жекпе-жегінен кейін жеңіл салмақтағы дивизион рейтингінде өз орнын тапты, деп хабарлайды Bassport.kz.
Өткен демалыс күндері өткен UFC Vegas 103 турнирінде Теміров америкалық Чарльз Джонсонды (17-7) төрешілердің шешімімен жеңіп, рейтингтің 13-орнына көтерілді.
Айта кетейік, бұған дейін Джонсон екі қазақстандық спортшымен — Жалғас Жұмағұловпен (17-9) және Азат Мақсұммен (15-1) кездесіп, екі жекпе-жекте де төрешілер шешімімен жеңіске жеткен болатын.
Рамазонбек Теміров UFC-дегі дебютін 2024 жылдың қазан айында Асу Алмабаевтың (21-3) бұрынғы қарсыласы Си Джей Вергараны (12-6) техникалық нокаутпен жеңіп бастаған.