«Онымен жекпе-жекке шығудан бәрі қорықты». Асу Алмабаевты нокаутқа түсірген файтер мәлімдеме жасады

«Онымен жекпе-жекке шығудан бәрі қорықты». Асу Алмабаевты нокаутқа түсірген файтер мәлімдеме жасады
Жекпе-жек

Әлеуметтік желі

Анголалық файтер Манел Капе (21-7) UFC Fight Night 253 турнирінде қазақстандық Асу Алмабаевты (21-3) жеңгеннен кейін пікір білдірді, деп хабарлайды Bassport.kz.

— Баршаңызға үлкен рақмет. Бұл жеңіске Құдайдың қалауымен жеттім. Енді келесі кім? Менің чемпиондық белбеу үшін күресуге лайық екенімді енді кім жоққа шығарады?! Мен жеңіліс көрмеген қарсыласымды нокаутқа түсірдім. Бәрі онымен жекпе-жекке шығудан қорықты, себебі ол мықты күреседі. Пантожа, дайын бол! Сенің белбеуіңді қызымнан кәмпитті тартып алғандай-ақ аламын! – деді Капе жекпе-жектен кейін.

Еске салсақ, Манел Капе Асу Алмабаевты үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.