Шавкат Рахмоновтың UFC чемпиондық белбеуі үшін өтетін турнирi белгілі болды

UFC
Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов пен UFC жартылай орта салмақтағы қазіргі чемпионы Белал Мухаммадтың титулдық жекпе-жегі қай турнирде өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды Bassport.kz.
CBS News және Yahoo!Sports журналисі Рубен Картердің мәліметінше, бұл кездесу UFC 316 турнирінде өтеді. Дәл қай күні ұйымдастырылатыны әлі нақтыланбағанымен, турнир Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтетіні белгілі.
Бұған дейін Мухаммад Рахмоновпен жекпе-жек үшін мамыр-маусым айларын ең қолайлы мерзім деп атаған болатын. UFC 315 турнирі мамыр айында Канаданың Монреаль қаласында өтетіні белгілі.
Еске сала кетсек, бастапқыда Шавкат Рахмонов – Белал Мухаммад кездесуі 2024 жылдың желтоқсанында өтуі тиіс еді. Алайда Мухаммад аяғындағы инфекцияға байланысты октагонға шыға алмады. Сол кезде Рахмонов ирландиялық Иэн Гэрримен жекпе-жек өткізіп, оны төрешілер шешімімен жеңіп, титулдық кездесуге басты үміткер атанды.