Таразда қазақ күресінен Қазақстан чемпионаты аяқталды
Qazaq kuresi
Жамбыл облысының орталығы – Тараз қаласында қазақ күресінен ересектер арасындағы Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті. «Тараз-Арена» спорт кешенінде өткен жарысқа еліміздің әр өңірінен 450-ден астам балуан қатысып, мықтыларды анықтады, деп хабарлайды Bassport.kz
Чемпионаттың ашылуында ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов қазақ күресінің қарқынды дамуын атап өтіп, ұлттық спортты халықаралық деңгейге көтерудің маңыздылығын айтты.
Үш күнге созылған тартысты бәсекеде 16 салмақ дәрежесінде жеңімпаздар анықталды.
Тартысты өткен белдесулердің нәтижесінде ерлер арасында Архат Баймурзинов (55 кг., Қостанай облысы), Нұртілек Қаракесеков (60 кг., Ұлытау облысы), Нұрғали Тұрсынғазиев (66 кг., СҚО), Тілек Тоқтасынұлы (74 кг., Жетісу обл.), Асылжан Кәрім (82 кг., Түркістан обл.), АйдарБескемпір (90 кг., Жамбыл облысы), ЕрсұлтанМұзаппаров (100 кг., Шымкент қаласы), ҚайсарШамшидинов (+100 кг., Түркістан облысы), Мұхтар Дәлелханулы (Түйе балуан, Павлодар облысы) ҚР чемпионатының жеңіс тұғырынан көріне білді.
Әйелдер арасындағы белдесулер де көпшіліктің көңілінен шыққаны сөзсіз. Атап айтқанда, Іңкәр Құралбай (48 кг., Жамбыл облысы), Сағат Байғараева (52 кг., Жамбыл облысы), Ақнұр Асылбекова (56 кг., Жетісу обл.), Бакыт Құсакбаева (60 кг., Ақтөбе обл.), ҰлданаТаңжарықова (65 кг., Жамбыл обл.), АқботаҚыдырәлі (70 кг., Түркістан облысы), АружанЖандарбай (77 кг., Атырау облысы) және Арайлым Шегенова (+77 кг., Жамбыл облысы)жеңістің бірінші сатысына көтерілді.
Жалпыкомандалық есепте Жамбыл облысы көш бастап, Түркістан және Жетісу облыстары үздік үштікке енді.