Қазақстанның екі боксшысы WORLD BOXING әлем чемпионатының финалына өтті

Қазақстанның екі боксшысы WORLD BOXING әлем чемпионатының финалына өтті
Бокс

ҚБФ

Қазақстанның екі боксшысы АҚШ-тың Колорадо штаты, Пуэбло қаласында өтіп жатқан World Boxing әлем чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды Bassport.kz

Бұл халықаралық турнирге елімізден төрт боксшы қатысқан болатын, олардың ішінен Асылхан Көшербай мен Даниял Райымбеков шешуші кезеңге жолдама алды.

65 кг салмақ дәрежесінде сынға түскен Асылхан Көшербай Чехия, АҚШ және Украина спортшыларын жеңіп, енді финалда Австралия боксшысымен кездеседі. Ал 85 кг салмақтағы Даниял Райымбеков жартылай финалда Оңтүстік Корея боксшысын жеңіп, финалда Уэльс өкіліне қарсы шығады.

Финалдық жекпе-жектер 2 қарашада өтеді.