Батыр Жүкембаев әлем чемпионын жекпе-жекке шақырды

Батыр Жүкембаев әлем чемпионын жекпе-жекке шақырды
Бокс

prosports.kz

Бірінші жартылай орта салмақтағы қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев (23-1, 17 КО) сол дивизиондағы WBC чемпионы, Доминикан Республикасының спортшысы Альберто Пуэллоға (23-0, 10 КО) қарсы рингке шыққысы келетінін айтты. Bassport.kz бұл туралы Prosports.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Боксшы X әлеуметтік желісінде:

«Маған осы WBC нұсқасы бойынша жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы белбеуі керек. Альберто Пуэлло, жекпе-жек өткізейік» - деп жазды Жүкембаев.

Бұл жазбада ол WBC, оның президенті Маурисио Сулайман және ProBox TV парақшаларын белгіледі.

Батыр Жүкембаев кейінгі жекпе-жегін 22 мамырда Плант-Ситиде (Флорида, АҚШ) өткізді. Онда ол украиналық Иван Редкачты (24-8-1, 19 КО) нокаутқа түсірді. Бірінші жартылай орта салмақ санатындағы WBC рейтингінде «777» 29-қатарда орналасқан.