Талғат Орынбасар дзюдодан әлем чемпионатының қола жүлдесін иеленді

Талғат Орынбасар дзюдодан әлем чемпионатының қола жүлдесін иеленді
Дзюдо

ҰОК

Қазақстандық дзюдошы Талғат Орынбасар Тәжікстан астанасы Душанбеде өтіп жатқан дзюдодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды. Bassport.kz бұл туралы Olympic.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

60 келі салмақта белдескен спортшы қола жүлдені жеңіп алды. Үшінші орынға таласта Орынбасар әзербайжандық Низами Имрановтан басым түскен. Айта кетелік, бұл аталған чемпионаттағы Қазақстан командасының алғашғы жүлдесі.