Садриддин Ахмедов АҚШ-тағы жекпе-жегін нокаутпен аяқтады

Садриддин Ахмедов АҚШ-тағы жекпе-жегін нокаутпен аяқтады
Бокс

Ашық дереккөз

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Садриддин Ахмедов Санта-Йнезде (АҚШ) өткен бокс кешінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Bassport.kz.

Отандасымыз АҚШ-та өткізген алғашқы айқасында америкалық Антонио Тоддпен жұдырықтасты. 8 раундқа жоспарланған  жекпе-жекті Садриддин  тез аяқтады. Ол бірінші раундта қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді. 

Бұл - Ахмедовтың кәсіпқой бокстағы 14-ші жеңісі. Ал, Антонио Тодд 11 рет қарсыласына есе жіберіп отыр.