Сметов Лос-Анжелесте өтетін Олимпиадаға бара ма – спортшы жауап берді

Сметов Лос-Анжелесте өтетін Олимпиадаға бара ма – спортшы жауап берді
Дзюдо

On.kz

Танымал дзюдошы, Париж Олимпиадасының жеңімпазы Елдос Сметов Лос-Анжелесте өтетін Олимпиадаға бару-бармауы жөнінде Qazaqstan телеарнасына берген сұхбатында толығырақ айтты, деп хабарлайды Bassport.kz. 

«Осы уақытқа дейін Олимпиада алтынын алып, спорттағы карьерамды аяқтағым келді. Алайда Демеу Жадыраев 34 жасында Олимпиада ойындарында күміс медаль алғаннан кейін ойым өзгерді. Демеу мүмкін емес дүние жоғын дәлелдеді. Лос-Анжелесте өтетін Олимпиадаға дайындалып, көк туымызды тағы да биікке көтергім келеді», - дейді Елдос Сметов.