Париж-2024: Елдос Сметов финалға шықты

Париж-2024: Елдос Сметов финалға шықты
Дзюдо

Сали Сабиров

Парижде өтіп жатқан жазғы Олимпиадада дзюдодан 60 келі салмақ дәрежесінде жартылай финалдың екінші жекпе-жегі өтті, деп хабарлайды Bassport.kz Prosports.kz-ке сілтеме жасап.

Елдос испаниялық қарсыласы Франсиско Гарригоспен кездесті. Негізгі уақыт тең аяқталып, қосымша уақытта (Golden Score) иппон әдісімен жеңді. Айта кетейік, бұл салмақта француз Лука Мхиедзе алғаш болып финалға шықты. Қазақстандық бұрымды балуан Әбиба Әбужақынова дзюдодан 48 келі салмақта қола медальға таласады.