Түркістандық балуандар ел чемпионатында 12 медаль еншіледі

Түркістандық балуандар ел чемпионатында 12 медаль еншіледі
Күрес

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Жуырда Ақтөбе облысындағы Шұбарқұдық елді мекенінде еркін күрестен 17 жасқа дейінгі жасөспірім ерлер мен әйелдер арасында ел кубогы өтті, деп хабарлайды BasSport.kz. 

Тартысты өткен турнирде түркістандық балуандар 6 алтын, 2 күміс және 4 қола медаль еншілеп, жалпыкомандалық есепте 1-орынға тұрақтады. Жүлде салған бозкілем шеберлері арасында 48 келіде Абдурахман Абдусаматов, 51 келіде Дулат Орғанәлі, 60 келіде Әділхан Ақсақал, 65 келіде Бақдаулет Серікбай, 71 келіде Дастан Дүйсен, 110 келіде өнер көрсеткен Есбол Төлеуов сынды балуандар алтын медаль алды. Ал, 45 келіде Сайын Мейрамхан мен 65 келідегі Тимур Батырбек қос күміс жүлдені облыс қоржынына салды.

Сонымен қатар қола жүлдегерлер қатарында 45 келіде Естай Әлімбек, 51 келіде Сүндет Дәрібай, 60 келіде Нұрқанат Бүжекеев, 92 келіде Абылай Берікқұл сынды талантты спортшылар бар.