Бокстан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Азия біріншілігіне қатысады

Бокстан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Азия біріншілігіне қатысады
Бокс

Olympic.kz

2008-2009 жылы туған жасөспірімдерден жасөспірімдер құралған бокстан Қазақстан құрамасы Азия чемпионатына қатысады, деп хабарлайды BasSport.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап. 

13 салмақ дәрежесі бойынша еліміздің үздіктері Азия біріншілігінде ел намысын қорғайтын болады.

Команда мүшелері 22 шілде - 2 тамыз ааралығында Ыстықкөлде физикалық тұрғыда оқу-жаттығу жиынын өткізеді. 12 тамыз - 26 тамыз аралығында Алматы облысында Азия біріншілігі алдындағы соңғы оқу-жаттығу жиыны ұйымдастырылмақ.

Азия біріншілігі 27 тамыз - 10 қыркүйекте Біріккен Араб Әмірлігінің Әбу-Даби қаласында өтеді.