Жолдамаға бір қадам қалды: Дін-Мұхаммед Қошқар лицензияға таласады

Жолдамаға бір қадам қалды: Дін-Мұхаммед Қошқар лицензияға таласады
Күрес

Түркияның Стамбул қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен Олимпиадаға іріктеу турнирінде Дін-Мұхаммед Қошқар жолдамаға таласады, деп жазады Bassport.kz. 

Грек-рим күресінен 67 келі салмақта белдесетін Қошқар қола медаль үшін таласта қытайлық Лей Лиді 10:0 есебімен жеңді.

Енді қазақстандық балуан Олимпиада жолдамасын сарапқа салатын белдесуде египеттік Мохаммед Ибрахим Елсайедпен белдеседі.

Айта кетелік, жұбаныш белдесуінде Дін-Мұхаммед Қошқар ресейлік Аслан Визаитовті жеңген болатын.