Джошуаның қайта әлем чемпионы атануға мүмкіндігі зор - Тайсон Фьюридің әкесі

Джошуаның қайта әлем чемпионы атануға мүмкіндігі зор - Тайсон Фьюридің әкесі
Бокс

XSPORT.ua

Аса ауыр салмақта WBC чемпионы Тайсон Фьюридің (34-0) әкесі Джон Фьюри аса ауыр салмақта WBA, IBF және WBO нұсқалары бойынша бұрынғы әлем чемпионы Энтони Джошуаны (27-3) мақтап, оның әлем чемпионы атануға мүмкіндігі зор екенін айтты, деп хабарлайды BasSport.kz.

Джошуа үшін қай кезде де уақыт табатынмын. Ол ұлы боксшы және бокс үшін көп шаруа атқарды. Ол қайтадан әлем чемпионы атанады. Оған деген құрметім ерекше, өте керемет адам. Құрмет пен мадақтан басқа айтарым жоқ, - деді Фьюри Queensberry Promotions-қа берген сұхбатында.

Джошуа мен Франсис Нганну (0-1) 9 наурызда Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласындағы Kingdom Arena-да кездесу өткізеді.