Самат Ерғалиев қамауға алынды
Бұл туралы спорт журналисі Аян Төлеген мәлімдеді, деп хабарлайды BasSport.kz.
Мендегі бар мәлімет бойынша, сол кездегі ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің бұрынғы төрағасы Самат Ерғалиев уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деп жазды Төлеген.
Мәселенің мән-жайы анықталуда.
Айта кетейік, Самат Ерғалиев елорданың спорт басқармасында да басшылық қызмет атқарған.