Әлімханұлы мен Нұрсұлтановтың жаңартылған рейтингтегі орындары қандай

Әлімханұлы мен Нұрсұлтановтың жаңартылған рейтингтегі орындары қандай
Бокс

instagram.com/janibek_alimkhanuly

ESPN телеарнасының сайты барлық салмақта боксшылардың рейтингін жаңартты, деп хабарлайды BasSport.kz.

Бұл тізімде отандық боксшылар Жәнібек Әлімханұлы мен Мейірім Нұрсұлтанов та бар. WBO/IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Әлімханұлы бірінші орында тұрса, Нұрсұлтанов бесінші сатыға жайғасқан.

ESPN-нің орта салмақтағы боксшылар рейтингі мынадай:

1 (1). Жәнібек Әлімханұлы (Қазақстан)

2 (2). Карлос Адамес (Доминикан Республикасы)

3 (3). Кіші Крис Юбэнк (Ұлыбритания)

4 (4). Джермалл Чарло (АҚШ)

5 (5). Мейірім Нұрсұлтанов (Қазақстан)

6 (8). Хамза Шираз (Ұлыбритания)

7 (6). Лиам Смит (Ұлыбритания)

8 (7). Элайджа Гарсия (АҚШ)

9 (9). Остин Уильямс (АҚШ)

10 (10). Сергей Деревянченко (Украина).