Оңай емес: Рыбакина денсаулығына байланысты Дубайдағы жарыстан бас тартты

Оңай емес: Рыбакина денсаулығына байланысты Дубайдағы жарыстан бас тартты
Теннис

Қазақстандық теннисші асқазан-ішек жолы ауруына байланысты Дубайдағы турнирден бас тартты, деп жазады Bassport.kz. 

Елена Рыбакина жарақатына байланысты WTA 1000 турнирінің ширек финалында ойнаудан бас тартты. Осылайша жартылай финалға италиялық Ясмин Паолини жартылай финалға жолдама алды.

"Қатарынан 3 турнирде өнер көрсету оңай емес. Организм шаршағандықтан жарақат алып қалды. Барлығы ойдағыдай болса 6 наурызда болатын Индиан-Уэллс және 19 наурыздағы Miami Masters турниріне қатысады. Елена Рыбакина екі аптада жазылады деген ойдамыз. Бірақ ол үшін биыл ең басты жарыс – Парижде өтетін жазғы Олимпиада ойындары", – деді теннис федерациясының баспасөз хатшысы Асқар Ағатаев.