Дмитрий Шомко – «Елімай» футбол клубының ойыншысы
Футбол
Қазақстан футбол федерациясы
Қазақстандық қорғаушы Дмитрий Шомко Семейдің «Елімай» клубының ойыншысы атанды, деп хабарлайды BasSport.kz.
33 жастағы қорғаушы – Екібастұз футболының түлегі. Ол мансабын туған қаласының «Батыр» және «Екібастұз» клубтарында бастады. Сондай-ақ «Ертіс», «Астана», волгоградтық «Ротор» және «Ақтөбе» клубтарында өнер көрсетті.
Ойыншы еурокубоктарда 68 ойында 8 гол және 8 нәтижелі пас берді. Дмитрий Қазақстанның 6-дүркін чемпионы, Қазақстан Кубогының иегері және Суперкубоктың бес дүркін жеңімпазы.
Тәжірибелі қорғаушы ұлттық құрама сапында 48 ойын өткізіп, 2 голдың авторы атанды.