«Қызылжар» сырт алаңда «Жетісудан» үш ұпай алды
Футбол
«Қызылжар» футбол клубы
Қазақстан Премьер-лигасының 19-туры аясында«Жетісу» мен «Қызылжар» командасы кездесті, деп хабарлайды Bassport.kz.
Талдықорғандық клуб өз алаңында өткен ойында 1:2 есебімен қонақтарға есе жіберді.
«Қызылжар» құрамында Александр Нойок 57-минутта есеп ашты, алайда алаң иелері сапынан Нұрбол Ануарбеков 71-минутта таразы басын теңестірді.
Кездесудің 82-минутында петропавлдық команда сапынан Стефан Баокен жеңісті голды салды.