Қазақстандық боксшылардың IBF-тегі рейтингі белгілі болды

Қазақстандық боксшылардың IBF-тегі рейтингі белгілі болды
Бокс

Халықаралық бокс федерациясы (IBF) барлық салмақ дәрежесінде боксшылардың рейтингін жаңартты, деп хабарлайды BasSport.kz.

Назарларыңызға қазақстандық боксшылардың қай сатыда тұрғанын ұсынамыз:

Орта салмақта Мейірім Нұрсұлтанов жетінші орнын сақтап қалды. Бұл салмақта IBF/WBO чемпионы атағы Жәнібек Әлімханұлына тиесілі. Рейтингтегі алғашқы екі позиция бос тұр, ал үшінші сатыға неміс Денис Радован жайғасқан.

Екінші жартылай жеңіл самақта Сұлтан Зауырбек 12-орыннан 13-сатыға төмендеді. Бұл жерде де бастапқы екі орын бос тұр. Үшінші сатыда тәжікстандық Шавкат Рахимов келеді.

IBF нұсқасы бойынша бұл дивизионда әлем чемпионы атағы британиялық Джо Кординнің еншісінде.