Бивол “Канеломен” реваншқа қатысты мәлімдеме жасады
Бокс
RT
Жартылай ауыр салмақта WBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы ресейлік Дмитрий Бивол мекискалық Сауль Альвареспен реваншқа қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BasSport.kz.
Бивол екінші орта салмақта абсолютті әлем чемпионы саналатын Альваресті 2022 жылы төрешілердің ортақ шешімімен жеңген. Бірақ бұл кездесу жартылай ауыр салмақ дивизионында өтті.
Екінші орта салмақта “Канелоға” қарсы жекпе-жек алдағы уақытта өтуі де мүмкін. Бірақ дәл қазір мен бұл айқасқа мүдделі емеспін. Себебі өзімді жартылай ауыр салмақта көріп тұрмын. Маған өз салмағымдағы белбеулер керек, - деді Дмитрий Бивол.