Рамазан Оразов Словениядағы матчты аяғына дейін ойнай алмады

Футболдан Словения чемпионатының 17-турында «Целе» өз алаңында «Коперді» қабылдады, деп хабарлайды BasSport.kz.

Дегенмен қар жауып, төрешілер ойынды 30-минуттан соң аяқтауға мәжбүр болды. Матч 13 желтоқсанда жалғасады. «Копер» құрамында Қазақстан құрамасының ойыншысы Рамазан Оразов өнер көрсетеді, ол алаңға негізгі құрамда шықты.

Өткен турда 25 жастағы қазақстандық ойнаған жоқ. Еуро-2024 аясында ұлттық құрама сапындағы матчтан соң қалпына келіп үлгерген жоқ деген себеп айтылған.

«Целе» 38 ұпаймен турнирлік кестеде көш басында тұр, ал «Копер» 29 ұпаймен үшінші орында келеді.