«Барселона» көшбасшысымен қош айтысуы мүмкін
«Барселона» шабуылшысы Роберт Левандовски келісімшарт мерзімі аяқталғанға дейін клубтан кетуі мүмкін, деп хабарлайды BasSport.kz.
Футболшының келісімшартында клуб онымен алдын ала келісімді бұзуға құқылы екені көрсетілген пункт бар көрінеді. Оған сәйкес, Левандовски 2024/25 маусым қорытындысы бойынша 55% матчтан кем ойнаса, онда келісім бұзылуы мүмкін. Ал екеуара келісімшарт 2026 жылға дейін жарамды.
15 турдан кейін «Барселона» Испания чемпионатының турнирлік кестесінде үшінші орында келеді. Еншісінде 34 ұпай бар. Көш басындағы «Реалдан» үш ұпайға қалыс келеді.
Бұл маусымда Роберт Левандовски барлық турнирде 17 матчқа қатысып, сегіз гол соқты және төрт нәтижелі пас берді.