"Астана" ВТБ лигасының биылғы маусымында алғаш рет жеңіске жетті

Баскетбол

ВТБ Бірыңғай лигасы

ВТБ Бірыңғай лигасының екінші матчында елордалық команда "Нижний Новгород" командасына қонаққа барды, деп хабарлайды BasSport.kz.

Бірінші және үшінші кезеңдерде қожайындар басым болса, екінші және төртінші кезеңде қазақстандықтар ресейліктерден мықты болды.

Нәтижесінде жеңіс "Астанаға" бұйырды.

"Астана" құрамында ең нәтижелі болғандар: Маркелл Джонсон 24 ұпай, Хамм Ройс — 20, Карвел Андерсон — 14, Дэвин Дэвис — 11, Адам Канкел — 6, Филипе Хаас — 3. Енді 25 қазанда "Астана" өз паркетінде Саратовтың "Автодорын" қабылдайды.

Бір қызығы, "Астана" мен "Нижний Новгород" 22 рет кездесіп, қазақстандық клуб 4 рет қана жеңіске жеткен.

Ал Нижний Новгородта астаналықтар 2011 жылдың 26 қарашасынан бері алғаш рет жеңіске жетіп отыр.