«Реал Мадридтің» жас ойыншысы қатардан шығып қалды

Футбол
©instagram.com/ardaguler
«Реал Мадридтің» және Түркия құрамасының жартылай қорғаушысы Арда Гюлер тағы да саптан шығып қалды, деп хабарлайды BasSport.kz.
Бұл жолы ол жаттығу кезінде сол жақ жамбастың тік бұлшықетінен жарақат алған. Дәрігерлердің бағалауы бойынша, ол бір айға жуық уақыт алаңға шыға алмайды. Футболшы жақында ғана жарақатынан айыққан болатын.
18 жастағы Гюлер «Реалға» шілде айында «Фенербахчеден» ауысып, 2029 жылдың 30 маусымына дейін қол қойды. Мәміле 20 миллион еуроны құрады.
Бүгін, 27 қыркүйекте, «Реал» өз алаңында Испания футбол чемпионатының (Ла Лига) жетінші туры аясында «Лас-Пальмасты» қабылдайды. Егер Мадрид клубы жеңіске жетсе, онда 18 ұпаймен турнир кестесінде көш басында тұрған «Барселонадан» (17 ұпай) озады.