«Орыс танкісі» Садулаев 20 жастағы балуаннан жеңілді

«Орыс танкісі» Садулаев 20 жастағы балуаннан жеңілді
Күрес

Сербия астанасы Белград қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен әлем чемпионатында еркін күрестен 97 келіде «Орыс танкісі» Абдулрашид Садулаев пен оның бітіспес бәсекелесі АҚШ балуаны Кайлом Снайдер жеңіліс тапты, деп хабарлайды BasSport.kz.

Екі дүркін Олимпиада чемпионы, төрт дүркін әлем чемпионы Абдулрашид Садулаев жартылай финалға дейін сүрінбей жеткен. Бірақ финалға шығар тұста ол Бахрейн спортшысы Ахмед Тажудиновқа есе жіберді.

Бір қызығы Тажудинов ширек финалда 2016 жылғы Олимпиада чемпионы, америкалық Кайл Снейдердің де жауырынын жер иіскетті. Тіпті, мүмкіндік бермей, 10:0 есебімен жеңді.

Осылайша, 20 жастағы Ресей күрес мектебінің түлегі 97 келінің қос мықтысынан да айласын асырып, финалға өтті.