Қозғалмалы нысанаға оқ отудан әлем чемпионатында Валат Мусаев алтын алды
Басқа
ҰОК
Қазақстан құрамасы Таллинде (Эстония) өтіп жатқан қозғалмалы нысанаға оқу атудан әлем чемпионатында жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Bassport.kz ҰОК-ге сілтеме жасап.
Турнир аясында Қазақстан жасөспірімдер құрамасының өкілі Валат Мусаев алтын медаль жеңіп алды.
Отандасымыз 10 метрден қозғалмалы нысанаға оқ атудан (аралас жаттығу) үздік нәтиже көрсетті.
Ал Оңтүстік Корея өкілі Чэхён Бэ екінші орын алса, финляндиялық Уильям Эрик Вилькман үздік үштікті түйіндеді.
Айта кетейік, әлем чемпионаты 26 шілдеде аяқталады.