Дмитрий Биволдың шаршы алаңға қашан оралатыны анықталды
Бокс
Спорт-Экспресс
Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының басшысы Эдди Хирн жартылай ауыр салмақта WBA чемпионы Дмитрий Биволдың (21-0) шаршы алаңға оралуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BasSport.kz.
Sport-express.ru мәліметінше, Бивол желтоқсан айында рингке оралады.
Дмитрий Бивол 2 немесе 9 желтоқсанда шаршы алаңға шығады, - деді Хирн iFL TV-ге берген сұхбатында.
Бұған дейін Биволдың менеджері Вадим Корнилов боксшыға қарсылас табу қиын екенін айтып еді. Себебі бұған дейін Дэн Азиз (20-0) бен Джошуа Буатси (17-0) жекпе-жектен бас тартты.
Бивол мұның алдында Хильберто Рамиресті (44-1) төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіп (118-110, 117-111, 117-111), жартылай ауыр салмақта WBA чемпионы атағын қорғаған.